RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында білім бөлімінің бухгалтерлері ₸686 млн жымқырған

19.05.2025, 13:45 629

Алматы облысындағы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы штатта жоқ жалған қызметкерлер үшін 686 млн теңге жалақы аударып, қалтаға басқан. Бұл жемқорлық фактісіне білім бөлімінің 7 бухгалтерінің де қатысы бары белгілі болды.

Бұған қоса басты күдікті өзінің жүргізушісін мектепке «қағаз жүзінде» жұмысқа орналастырып, оған да 5 млн теңгеге жуық заңсыз жалақы аудартқан. Аудандық білім бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «Әзірге сот актісі заңды күшіне енген жоқ», делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz