RU
Толық нұсқаға өту

WorldSkills Aktobe-2025 чемпионаты басталды

19.05.2025, 16:11 359

WorldSkills Aktobe - 2025 аймақтық чемпионаты басталды.

Жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, жастардың шеберлік дағдыларын дамытуға бағытталған дәстүрлі жоба оныншы мәрте ұйымдастырылған. Биыл 300-ден астам колледж студенті өзара күш сынайды. Үздіктер республикалық біріншілікке жолдама алады. Өңірлік іріктеу кезеңі 46 құзыреттілік бойынша өтіп жатыр. Веб-дизайн, электржөндеу, аспаздық ісі, шаштараздық өнер, дәнекерлеу технологиясы мен құрылыс саласының бірнеше бағытын қамтыған. Мемлекет тарапынан ауқымды қолдауға тапқан шараға 21-ге толмаған колледж студенттері мен кәсіпорындардың жас мамандары қатыса алады.

Алмас Дарбаев, студент:

- Менің мысалы қазір оқып жатқан мамандығым юрист. Бірақ сырт жақтан жасаған жұмыстар арқылы былай тәжірибе бар десем де болады. Бірінші грунтовка жағып түзеп аламын шегелердің орнын және де басқа келіспей қалған жерлерді. Содан соң обой жабыстыруға өтемін. Қарсыластарым осал емес. Оны да байқап тұрмын. Бұл жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Ал менің қарсыластарым 2-3 жыл бұрын қатысып жүрген балалар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz