RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ-өзбек шекарасындағы «Тәжен» бекеті 1 қыркүйекте ашылады

19.05.2025, 17:00 1010

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Тәжен» өткізу бекеті мамыр айында емес, 1 қыркүйекте ашылатын болды.

Бұл туралы еліміздің кірістер комитеті хабарлады. Бастапқы жоспар бойынша жөндеу  жұмыстары үш айға жалғасатыны айтылған. Алайда өткізу пунктіндегі ауқымды шаралар, қосымша тағы үш айды қажет ететінін байқатқан. Атап айтқанда, негізгі ғимаратқа күрделі жөндеу жасалып, инженерлік жүйе ауыстырылады. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» компаниясы «Тәжен» өткізу пункті мен Өзбекстанның «Дәуіт ата» арасындағы бейтарап аймаққа жол салатын болды. Осыған байланысты Қазақстан тарапы Өзбекстанды алдын ала ескертіп, екеуара түсінік орнады делінген хабарламада.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz