Жезқазғандағы шаруашылық және ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлінді.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл қаражатқа шаһарда мембраналық жабдық орнатылады. Осылайша қуаты тәулігіне 124 мың текше метр су өткізетін қондырғыларды жаңартудың екінші кезегі жүреді. Айта кету керек, қаладағы су құбырларының салынғанына 60 жылға таяған. Жабдықтар мен технологиялар 90%-ға тозған. Сондықтан бұл жезқазғандықтар үшін әлеуметтік маңызды мәселе. Қалада бүгінде 98 мыңнан астам адам тұрады.
Тегтер #Жезқазған #су тазарту #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz