Биыл Қызылорда облысында қараусыз жүрген мал кесірінен 10 жол апаты тіркелді.
Осыған байланысты полицейлер автожол бойында бақылауды күшейтіп, профилактикалық рейдтер ұйымдастырып келеді. Жүргізушілерге барынша қырағылық танытып, абай болуға үндейді. Сонымен қатар мал иелеріне төрт түлікті тек арнайы белгіленген жайылымдарда бағуды ескертеді.
Мұратбек Манатов, ПД жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Қызылорда облысының аумағынан жүріп өтетін республикалық маңызы бар тас жолында үй жануарларының қатысуымен оннан астам жол-көлік оқиғасы орын алған. Сонымен қатар осы үй жануарларының 313 иесіне ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтағы Кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Тегтер #мал #Қызылорда облысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz