RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда масаны улауға ₸20 млн бөлінді

19.05.2025, 20:11 509

Петропавлдықтардың масадан мазасы қашты.

Қансорғыштарға жем болған тұрғындар көшеге шығып серуендеуден қалған. Әдетте кешқұрым қаптайтын шыбын-шіркейлер күндіз де шұбырып жүр. Қазір олармен күрес шаралары басталды. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 20 миллион теңге бөлінді. Дәрілеу жұмыстары адам көп шоғырланатын жерлерде және шеткі аудандарда  жүргізіледі. Себебі Есіл арнасынан асып, қала маңында тоғандар пайда болған. Жәндіктер осы ошақтарда жұмыртқалап, жаппай көбейеді.

Әсем Айтолова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

- Тұрғындарға, жаңағы жануарларға қолданылатын препараттардың ешқандай да зияны жоқ. Жалпы жұмыстардың барлығы қыркүйек айына дейін жалғасады. Сол уақытқа дейін 2 мың гектардан астам жерді дезинфекциялау жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz