RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда жұмысшы мамандықтар бойынша форум өтті

19.05.2025, 21:51 413

Қарағандыда «Жұмысшы кәсіптер жылы: шеберлікке бастар жол» атты форум өтті.

Оған жиналған 300-ге жуық жас өңірдің алдыңғы қатарлы компанияларынан, Қытай елінен келген мамандардың, ғалымдардың  шеберлік сабағына қатысты. Дәріс барысында цифрлық замандағы жұмысшы мамандықтардың болашағы, білім беруді еңбек нарығына сәйкестендіру мәселесі талқыланып, түлектердің жетіс-тігі үлгі етілді. Қарағанды облысы, елдегі ірі индустриялды аймақ. Өңірдегі кәсіпорындарды негізінен  техникалық және кәсіптік білім колледждері маманмен қамтамассыз етіп отыр. Бүгінде облыстағы 52 колледжде 32 мыңнан астам студент 126 мамандық бойынша білім алады. «WorldSkills Karaganda» чемпионаты жастардың өз мамандығы бойынша тәжірибе алмасуына, озық жобаларын ортаға салуға мүмкіндік береді.

Диас Ынтықпай, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің 3-курс студенті:

- Менікі жеңіл көліктерге қызмет көрсету, соларды жөндеп, ақауларын тексеріп шығару. Бүгінгі жарысқа үлкен дайындықпен келдік. Осы жарыстан жүлделі бірінші орынды алып, республикалық кезеңге өтуге талпынамыз. Бұл өзіміздің профессиямыз дейді ғой, сол мамандығымызға деген мотивациямызды арттыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz