Алматы облысындағы Нарынқол ауылына аудан орталығы мәртебесі берілгеніне биыл 7 жыл толды.
Осы уақыт ішінде жүздеген жаңа ғимарат салынып, ауыл ішіндегі жолдарға асфальт төселді. Ауыз су құбырлары тартылып, көшелер жарықтандырылды. Емхана, спорт кешендері мен мәдениет үйлері, өнер мектебі сияқты әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.
Нарынқол аудан орталығы болғалы 100-ден астам үй салынды. Жаңа баспаналар Жағатал өзенінің жағасынан бой көтерді. Ол мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді. Биыл Нарынқолда тағы осындай 60 үйдің құрылысы басталады.
Берік Дүйсенбаев, Райымбек ауданының әкімі:
- Үйді тұрғызады, кәдімгі адамға, қандай қажеттіліктері бар адам баласына, соның бәрін жасайды. Ішінде инфраструктурасын, түгел светін, жолын бәрін жасайды. Біз мемлекеттік сатып алу арқылы сол үйлерді сатып аламыз.
Нарынқол қайтадан аудан орталығы болған 7 жылдың ішінде 5 әкімшілік ғимараты, 10 медицина мекемесі салынды. Былтыр Сарыбастау ауылында спорт кешені, ал Мұқағали Мақатаевтың туған ауылында «Өнер» мектебі салынды.
Әли Тұрсынәлі, спортшы:
- Осы спорт кешені жақсы. Біз бұрын мектепте дайындалатынбыз. Қазір осы залда. Облыста үшінші орын алғам. Ауданда екінші орын. Аймақтықта бірінші орын алғам. Осы спорт бағыты бойынша әлем чемпионы болғым келеді.
Ерасыл Отан, домбырашы:
- Қақпақ ауылында "Балауса" балалар сайысы өтті. Біздің Қарасаз ауылы бірталай гран-приді алды. Менің өзім екінші орын алдым.
Сарыбастау ауылындағы спорт мектебінде қазір 100 шақты бала жаттығады. Олардың арасынан Азия, әлем чемпиондарында топ жарып, Олимп шыңын бағындыратын өрендер шығатын күн де алыс емес, дейді тұрғындар.
Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов
Тегтер #Нарынқол #аудан #мәртебе #24KZ #Қазақстан жаңалықтары #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz