Елде жыл басынан бері 329 адам ковид жұқтырған, деп хабарлайды 24kz.
Бұл былтырғымен салыстырғанда 3,7 есеге аз. Ал апта сайын 25 адам коронавирус кеселімен ауырады. Дерттен көз жұмғандар жоқ. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды.
«Сақтанып жүру керек», - дейді ақ халаттылар. Жұқпалы дерт әлем елдерін әлі де алаңдатып отыр.
Тегтер #коронавирус #ҚР ДСМ #дәрігерлер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz