Балалардың жазғы демалысында спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Жазғы каникулда оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуі үшін түрлі шаралар өткізілмек. Жасөспірімдерге арналған Президенттік тест, «Kapshagai kids Trophy» республикалық футбол турнирі ұйымдастырылады, ауыл мектептері арасында «Ауыл спорты» жарыстары жоспарланған. Бүгінде «Қолжетімді спорт» және «Аула Фит» жобалары жеткіншектерді спорт түрлеріне жаттықтырып жүр. Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 7 мыңнан астам спорт секциясы жұмыс істейді. Оған 250 мыңнан астам бала тегін қатысады. Бұл бағдарлама жазғы демалыс кезінде де жүргізіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлінеді. Тағы айта кетерлігі, оқушылар жазда мұражай мен театрларға тегін кіре алады.
Тегтер #оқушылар #жазғы демалыс #бағдарлама
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz