Елде құнды жәдігерлерді реставрациялайтын мамандар тапшы. Бұл мәселе бүгін ІІІ Қазақстан музейлері конгресінде көтерілді. Белгілі болғаны, елімізде қазір археологиялық мұраларды консерациялаумен және реставрациялаумен айналысатын мамандар жоқтың қасы.
«Ал жастардың бұл салаға қызығушылық аз», – дейді реставраторлар. Бұл өзекті мәселені шешу үшін елде Ғылыми консервация және реставрация орталығын ашу жоспарланған. Ол жерде қандай жұмыстар атқарылу керектігін бүгін отандық мамандарға шетелдік реставраторлар кеңес берді. Ресей, Түркия, Әзербайжан сынды мемлекеттердің мамандары өз білімдерін ортаға салып, шеберлік сыныптарын да өткізді.
Құрманғазы Қадыров, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің суретші-реставраторы:
- Қалай жасалу керек, неден басталу керек? Оның жаңағы химиялық элементтері бар, «растворлары» бар. Сол қандай элементтер? Соның бәрі бізге жақсы сабақ болып жатыр. Негізі реставраторлар біздің елімізде өте аз. Жастарды баулу керек, жастарға көрсету керек, осындай музей жұмыстарына әкеліп көрсету керек.
Құралай Төлегенова, ҚР Ұлттық музейінің реставраторы:
- Бізде Қазақстанда реставрацияны арнайы оқытатын орталықтар жоқ. Бірақ ұстаздарымыз бар. Олар да басқа реставраторлардан оқығандықтан, біз де біртіндеп сол кісілерден білім алдық. Қазіргі уақытта өзіміз де шәкірт тәрбиелеп жатырмыз біртіндеп. Барлық ауылдағы музейлерде реставратор жоқ. Өйткені штат жоқ. Оларды оқытатын мамандар керек.
Тегтер #реставратор #жәдігерлер #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz