RU
Толық нұсқаға өту

Көлік-логистика саласында бірқатар жоба іске асады

21.05.2025, 12:05 363

Жыл аяғына дейін «Нұр Жолы» өткізу пунктінде ірі жүктерге арналған айналма жол құрылысы аяқталады.

Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға жаңа серпін береді. Жүк ағыны артып, қызмет сапасы жақсарады. Олжас Бектенов Роман Склярдың көлік-логистика инфрақұрылымына қатысты есебін тыңдады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары теміржол саласынан да хабардар етті. Биыл желтоқсанға дейін «Достық – Мойынты» учаскесінде екінші жолдар және Алматы станциясының айналма теміржол желісінің де құрылысы бітеді. Ал теңіз көлігі бағытында контейнерлерді өңдеу қуаты жылына 240 мың жиырма футтық контейнер деңгейіне дейін жетпек.  Осы мақсатта жаңа терминал іске қосылып, Транскаспий халықаралық көлік транзитінің әлеуеті артады. Сондай-ақ биыл Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 5 бекет жаңғыртылады. Яғни Темір баба, Қазығұрт, Тәжен, Майқапшағай және Бақты бекеттеріне интеллектуалды бейнабақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізіледі. Енді елдегі барлық әуежай қағазсыз құжат айналымына көшірілмек. Ол үшін «e-Freight» ақпараттық жүйесі енгізіліп, «Кеден» және «Agriculture» жүйелеріне кіріктіріледі. Премьер-министр Олжас Бектенов транзиттік-көліктік әлеуетін күшейту жобаларының уақтылы іске асуын бақылауды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz