RU
Толық нұсқаға өту

Сотталушы «Шерзатты пышақтадым» деген жауабынан бас тартты

21.05.2025, 13:19 417

Талдықорғанда Шерзат Полат қазасына  қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Бүгін басты сотталушы деп танылған Абзал Шынасыл жауап берді.  «Адам өлтірді» деп айыпталған күдікті тергеу кезінде айтқандарынан бас тартты. Әрі ол өзінің бет-бейнесін тікелей эфирде көрсетуге келісімін берді.

Сот процесі қалай өрбіп жатыр? 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Сот отырысы тосын оқиғамен өрбіді. Тергеу кезінде  «Шерзатты пышақтадым» деп жазған Абзал Шынасыл берген жауабынан бас тартты. Ол Шыңғыс Белғожаевпен ақылдасқаннан кейін қылмысты мойнына алғанын айтып түсіндірді. Себебі қайғылы жағдай барысында Шыңғыста да бәкі болғанын мәлімдеді. Төбелес кезінде Нұрғанат Гайпбаевты ұрғанын және оның жамбасына үш рет пышақ салғанын мойындады. Жалпы сот процесі басталғалы 9 сотталушының 8-і сұралды. Ал біреуі яғни Дидар Қалиахмет дайын еместігіне байланысты жауап беруден бас тартқан еді. Күдіктілердің ешқайсысы Шерзат Полатты өлтіргенін мойындаған жоқ? Жасөспірімге кімнің пышақ салғаны әлі басы ашық күйінде қалып отыр. Айта кетейік, жәбірленуші тарап Шерзат Полаттың қазасына Абзал Шынасылды кінәлі деп біледі. Ал куә Дана Жақсыгелді осы жігіттің қолындағы пышақты жуу үшін сусын құйғанын айтып куәлік еткен еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz