Шығыс Қазақстанда еліміздегі ең үздік болашақ ветеринар анықталып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Мұнда осы бағытта білім алып жатқан студенттер арасында республикалық «Vet-Pro» кәсіби шеберлік сайысы басталды. Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Абай, Ақмола сияқты бірнеше өңірден келген жастар осы уақытқа дейін алған білімдерін ортаға салды. Алғашқы күні бруцеллез жайлы зерттеулерін таныстырды. Ветеринарлық мониторинг жүргізу жолдарын да көрсетті. Тіпті малға екпе салу әдістерінің қыр-сырымен бөлісті. Әрбір сайыс кезеңіне қойылған талаптардың сауатты әрі нақты орындалуы төрешілер назарында болды. Сондықтан жан-жақтан жиналған студенттер үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе алаңына айналды.
Гүлназ Ілгекбаева, ветеринария ғылымының докторы:
- Балалардың барлығы бес минутсыз мамандар. Ветеринар-техник дейді ғой. Осы ауылдық жерлерге ветеринария саласындағы барлық алдын алу шараларын жүргізетін осы мамандар. Бұларды, міне, дайын мамандар деп есептеуге болады.
Қабыл Қожамұрат, Түркістан облысы аграрлық техникалық колледждің студенті:
- Көптеген облыстардан келген адамдармен тәжірибе алмасатын болып жатырмыз, біріншіден. Сайыс болғаннан кейін енді білмейтін жерлеріміз болады. Барынша дайындықпен келдік, әр облыс үміт артып жібергеннен кейін.
Тегтер #Шығыс Қазақстан облысы #ветеринарлар #сайыс #мамандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz