Алматы облысы Райымбек ауданының шарулары картоптың элиталық сортын егіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Голландиялық «Санте», «Агрия», «Аризона» және «Артемис» тұқымдары өнімділікті арттырады дейді. Жаңа сорт жергілікті климатқа төзімді, тез жерсінеді. Былтыр екі мың гектардан астам жерге егілсе, биыл алқап көлемі ұлғаяды. Қазіргі таңда 200 тонна тұқым жеткізілді. Мамандардың айтуынша, жергілікті өнім азық-түлік бағасын тұрақтандыруға да септігін тигізеді.
Самат Сатылғанов, аудан әкімінің орынбасары:
- Орташа өнімділік өте жоғары деңгейде болды. Өйткені бізде Голландияның элиталы тұқымдарын әкеліп отырғыздық. Биыл тағы да 200 тонна келе жатыр. Жоғары өнімге қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Олар күзде өнімдерін әлеуметтік арзан бағамен сататын болады. Осылайша облыс көлемінде, аудан көлемінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру жолдарын қарастырып жатырмыз.
Тегтер #Алматы облысы #шаруалар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz