Атырау облысында «Жасыл ел» жастар жасағының ХХІ маусымы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Күні бүгінге облыстық штабқа 1300-ден астам өтініш түскен. Биыл 1 мың жас жұмысқа орналаса алады. Оның ішінде ауылда жұмыссыз жүрген жастарға басымдық беріледі.
«Маусым аяқталғанда еңбекте көзге түскен үздік сарбаздар іріктеліп, оларға шетел тілдерін оқыту курстарына тегін 3 айлық сертификаттар беріледі»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.
Заманбек Құрақбай, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы штабының жетекшісі:
- «Жасыл елде» биылғы жылы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары. Одан бөлек, сұранысқа қарай құрылыс бағыты да ашылып қалуы мүмкін. Оның ішінде бізде биылғы жылы Атырау облысының ауылдық округтеріне көп көңіл бөлінеді. Шалғай ауылдағы жастарға басымдық береміз. Бірінші кезекте соларды жұмысқа қабылдаймыз.
Тегтер #Атырау облысы #Жасыл ел жасағы #көгалдандыру #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz