RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте өрт сөндірушілердің жедел оқу-жаттығуы өтті

22.05.2025, 17:55 262

Шымкентте өрт сөндірушілердің жедел тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Олар орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру тәсілдерін пысықтады. Жаттығуға жеке құрамның 290 қызметкері мен 42 арнайы техникасы жұмылдырылды. Бекітілген алгоритм бойынша өрттің таралуын тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Штаб жұмысын жүйелеп, өзара үйлесімді әрекет етуге мән берді. Кешенді іс-шара екі күнге созылады. Оқу-жаттығу барысын арнайы комиссия бақылап, қорытынды жасайды. Соңғы жылдары өңірде өрттің алдын алу шаралары да жетілдірілді. Өрт ошағын барлауға дрондар қолданылса, сөндіруге заманауи арнайы техника пайдаланылады. 

Рауан Ордабек, қалалық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары:

- Су алу арнасы бар бізде. Қалада 4 жерде орналасқан. Сол өртті сөндіруге тікұшақтар арқылы, одан кейін дрондар арқылы өрт сөндіреміз. Өзіміздің арнайы бекітілген техникамыз бар. Техникамен тиісінше тезірек өрт сөндіруге жұмылдырылу керек. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің барлығы оқу-жаттығуға қатысады. Жалпы алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Оған ТЖМ бақылау жүргізеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz