Шымкентте алтын бұйымдарды инвестициялауға шақырған қаржы пирамидасы құрбандарының саны артып барады.
Экономикалық тергеу департаментіне сәуір, мамыр айларында жалпы 104 адам арызданып, оларға 810 миллион теңгеден астам шығын келтірілгені анықталды. Жәбірленушілер арасында үйін кепілге қойып, 130 миллион теңге құйғандар да бар. Биыл Қаржылық мониторинг агенттігінде осындай 8 бірдей қылмыстық іс тіркеліп, оның үшеуі сотқа өткен. Алаяқтарға алданғандар жиған-терген ақшасы мен бар дүние-мүлкінен айырылған. Жалпы 731 адам ақшасын қайтара алмай, соттың шешімін күтіп жүр. Сондықтан сала мамандары оңай олжаға құнықпай, күдік келтірген ұйымдарға сенбеуге шақырады.
Алмас Манатұлы, қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары:
- Іс бойынша қазіргі таңда 1,5 млрд теңгеден асатын мүлікке, оның ішінде ақшалай қаражат, жылжымайтын мүлікке, автокөліктерге және басқа мүліктерге тыйым салынды. Оның барлығы салымшылардың қаражатына сатып алынған заттар. Іс аяқталған соң сот шешімімен олар сатылып, одан түскен қаражат жәбірленушіге келтірілген залал есебінде қайтарылады. Қаражаттарыңызды заңды түрде қайтып алудың басқа жолы жоқ.
Тегтер #Шымкент #қаржы пирамидасы #құрбан #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz