RU
Толық нұсқаға өту

Әскерилерді даярлауға ерекше назар аударылады

22.05.2025, 22:36 335

Әскери маман даярлау деңгейіне ерекше назар аударылады.

Бұл туралы Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен өткен ведмствоның көшпелі отырысында айтылды. Жиында 2024 жыл мен биылғы қысқы оқу қорытындысы шығарылып, жазғы оқу кезеңіне арналған қызметтің басым бағыттары айқындалды. Қорғаныс ведомствосының басшысы қазақстандық армияны даярлаудағы басымдықтарды белгіледі. Сонымен қатар алқа отырысында, кадрлық әлеуетті және техникамен қамту мәселелері талқыланды. Министр командалық құрамға бірқатар тапсырмалар жүктеді. 

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

- Жиында жұмылдыру резервін дайындау, әскери міндеттілердің жиынын жоспарлау, резервтегі қызмет жүйесін дамыту, әскери бөлімдерде қатаң жарғылық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өткен жөн. Әскерлерді даярлау деңгейін, кадрлық әлеуетті, тылдық және техникалық қамтамасыз етуді арттырудың жекелеген мәселелері де қаралды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz