RU
Толық нұсқаға өту
Фото: City Transportation Systems

LRT: алғашқы вагондар Астанаға жөнелтілді

24.05.2025, 17:22 486

Қытайдың Таншань қаласынан Астанаға арналған алғашқы екі LRT құрамасы жөнелтілді.

Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлайды. Жалпы алғанда LRT үшін 19 жылжымалы құрам бірлігі шығарылады. Төртінші деңгейлі автоматтандыру жүйесімен жабдықталған заманауи төрт секциялы жүргізушісіз пойыздың әрқайсысы 650 жолаушыға дейін сыйдыра алады. 

Жылжымалы құрамдар Қытайдың теміржол саласындағы ең ірі әрі ең көне кәсіпорындарының бірі – 1881 жылы негізі қаланған «CRRC Tangshan» зауытында өндіріліп жатыр. 

Астанадағы алғашқы екі құрамның жеткізілуі 2025 жылдың маусым айына жоспарланған. Қалған 17 бірлік осы жылдың соңына дейін жеткізіледі. LRT желісінің сынақ режиміндегі іске қосылуы қыркүйек айына жоспарланған.

CTS компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта Астанадағы LRT жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Қазіргі таңда жолдарды төсеу, станциялардың қасбеттерін орнату, эстакада тіректері мен арқалықтарын бояу, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада астындағы аймақты абаттандыру және депоның құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz