RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Отбасы ағашын отырғызу» шарасы көпшілікке үлгі болды

27.05.2025, 08:37 333

Елордалықтар да қар кеткелі жағалай ағаш егіп жатыр.

Соның бірі полиция департаменті «Отбасы ағашын отырғызу» шарасын ұйымдастырып келеді. Бұл атауы айтып тұрғандай ізгілікке шақыратын шара. Яғни тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізіледі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ағаш егу рәсімі тұрғындарды береке мен бірлікке шақырып, татулыққа үндейді. Бұл жолғы іс-шарада ата-аналар, балалар да игі іске атсалысты. Тіпті ойын-сауық бағдарламасын тамашалады. Бүлдіршіндер тату отбасы тақырыбында әзірлеген шығармашылық жұмыстармен танысты. Сонымен бірге құқық қорғаушылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен тұрғындар қауіпсіз қоғам құру жайында ой бөлісті. Айта кетейік, бұл іс-шара «Қазақстан - отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» республикалық акциясы аясында өтіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz