RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытауда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға  ₸515 млн бөлінді

27.05.2025, 15:09 284

Ұлытау облысында жазғы демалыс маусымында 36 мыңнан астам оқушы түрлі бағыттағы сауықтыру бағдарламаларымен қамтылады.

Бұл мақсатқа бюджеттен және демеушілер есебінен 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазір өңірдегі барлық мектепте жазғы лагерьлер жасақталып жатыр. Онда 5 мыңнан астам баланы қамту жоспарда.  Сонымен қатар  колледждер жанынан да профильдік лагерлер құрылады. Ұлттық дәстүр мен мәдениетке қызығатын балалар үшін арнайы бағдарлама жасалған. Бұл ретте этнотуристік слеттер мен киелі орындарға саяхаттар ұйымдастырылады. Ал шамамен екі  мыңнан астам оқушы өзге облыстарда орналасқан қала сыртындағы лагерьлерде демалады.

Қарлығаш Мүшенова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Жазғы уақытта 153 сауықтыру лагерьлері мен алаңдары жұмыс істейді. Оның ішінде 94 мектеп жанындағы алаңдар және 58 мектепте тамақтандырылған лагерь жұмыс істейтін болады. Одан бөлек 10 қосымша білім беру ұйымдарында «Бала камп» атты алаң жұмыс істейтін болады. ол жерде 4 мыңға жуық оқушы қамтылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz