Мұнайлы өңірде жол апаттарының саны жиілеп барады.
Тек өткен апта ішінде облыс аумағындағы республикалық, облыстық және ауылішілік тас жолдарда 6 адам көз жұмды. Қайғылы оқиғаның бірі Құрманғазы ауданында тіркеліп, 6 айлық сәби мен оның анасы апат құрбаны болды. Атырау облыстық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында өңірде 519 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 764 адам жарақат алып, 27 адам мерт болған. Осы күрделі жағдайға байланысты жергілікті полиция қызметі басқармасы арнайы профилактикалық шараларды қолға алды. Қазіргі таңда облыс аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар күре жолдарда 300-ден астам полиция қызметкері мен 125 автокөлік тұрақты кезекшілікке жұмылдырылған.
Айбек Алипов, ЖПҚ Басқармасы жол қауіпсіздігін ұйымдастыру тобының жетекшісі:
- Қазір тас жолдарда «кибер-шериф» құрылғылары бар автокөлікпен патрульдеу бойынша және жасырын патруль. Бұл дегеніміз- жаңағы автокөлік жүргізушілеріне түсіндіренімізбен, бірақ қатты жүретін жүргізушілер бар. Соған байланысты ең бірінші мақсатымыз жол көлік оқиғасының алдын алу, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сосын жаңадан техника алдық- Ekin Patrol. Ол да тест режимнен өтті. Ол патрульдік құрылғы да жолда жүр.
Тегтер #Атырау облысы #жол апаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz