Елде қаржылық мониторинг жүргізілетін нысандардың қатары көбейеді.
Бұл тізімге тауар биржасында жұмыс істейтін брокерлер, қаржы институттарымен келіссөз жүргізетін ұйымдар кіреді. Сондай-ақ депутаттар Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қаржылық бақылау нысандарының қатарына қосуды ұсынды. Тиісті құжат бүгін Мәжілістің бірінші оқылымында талқыланып, мақұлданды. Мақсат – заңсыз жолмен алынған қаржыны одан әрі жылыстатуға жол бермеу. Елде алаяқтық жолмен қаржы жымқыру фактілері азамай отыр. Жемқорлар жылыстатудың небір амал айласын ойлап табуда, - деді заңнамалық түзетулерді әзірлеуші топ.
Жеңіс Елемесов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары:
- Қаржылық мониторинг субъектілерінің қатарынан Медициналық сақтандыру қорын алып тастайық деген ұсыныс айтқан едік, себебі ондағы қаржы аударымдарының сомасы минималды. Бірақ ол бастамамыз қолдау таппай, депутаттардың ұсынысымен қор бақыланатын нысандар қатарына қосылатын болды. Қаржы мониторингіне жататын әр нысанның қаржы жылыстату тәуекелдерін анықтайтын өзіндік талаптары бар. Бұл заң жобасында күмәнді операциялар түсінігімен қатар күмәнді қызмет анықтамасын енгізіп жатырмыз.
Тегтер #медициналық сақтандыру #қаржы #бақылау #МӘМС #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz