RU
Толық нұсқаға өту

Бұқтырма су қоймасы маңындағы 415 нысанның 297-сі рұқсатсыз тұрғызылған

29.05.2025, 14:21 445

Кейінгі 3-4 жылдың ішінде Бұқтырма су қоймасының жағалауында 415 нысан салынған.

Бұл – тек Алтай ауданы аумағындағы су қорғау белдеулеріне қатысты дерек. Алайда бұл құрылыс нысандарының көпшілігі заң талаптарына сай емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәліметке сәйкес, 297 ғимараттың құрылысы кезінде су заңнамасы өрескел бұзылған. Яғни, олар қажетті рұқсатсыз немесе тиісті келісімсіз бой көтерген. Тек 118 нысан ғана Ертіс бассейндік инспекциясының заңды рұқсатын алған. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайдың туындауына нормативтік құжаттардағы қарама-қайшылықтар себеп болған. Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігі бекіткен құрылыс ережелерінде су қорғау аумағында нысан тұрғызу үшін су инспекциясымен келісім жасау қажет екені нақты жазылмаған. Қазіргі таңда тиісті ведомстволар негізгі құжаттағы құқықтық қайшылықтарды жоюға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Ернар Мәдиев, Ертіс бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары:

- Бос тұрған жерде құрылыс бастағысы келетіндер көп. Бірақ заңнамалық талап ескерілу керек. Алдымен біздің инспекцияға келіп мән-жайды білген дұрыс. Қазіргі ережеге сай су қорғау аймағында су шаруашылығы нысандарын, бөгендер мен пирс сияқты құрылғыларды салуға ғана рұқсат. Басқасына тыйым салынған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz