«Халық заңгері» республикалық акциясы аясында Астанада заңгерлер тегін консультация жүргізді, деп хабарлайды 24kz.
Мақсат – қазақстандықтардың құқықтық сауатын арттырып, заңдық көмек көрсету. Шара аясында мемлекеттік орган қызметкерлері де қабылдау жүргізді. Олар халықты мазалаған мәселелерді тыңдап, шешімін табуға жәрдемдесті. Тұрғындар әлеуметтік желідегі алаяқтық, несие қарыздары, жер телімдерін заңдастыру, субсидия алу және тағы басқа тақырыпта құқықтық кеңес алды. Шара кәсіби мамандардан тікелей әрі тегін ақпарат алуға жағдай жасайды. Республикалық акция екі күнге жалғасты.
Айта кетейік, 2016-2024 жылдар аралығында акция аясында 300 мыңнан астам адам консультация алған.
Батырхан Еркебаев, ҚР Әділет министрлігі құқықтық түсіндіру департаментінің басқарма басшысы:
- Осы акция «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылып жатыр. Биыл акцияның көлемінде шамамаен 200-ге жуық елді мекенді қамтиды деп жоспарланған. Қазіргі таңда ең актуалды тақырып интернет-алаяқтық жөнінде. Сонымен қатар біздің Әділет министрлігі саласы бойынша атқару іс парағы бойынша, сонымен қатар алименттер бойынша өте көп сұрақтар келуде.
Тегтер #Астана #Халық заңгері #республикалық акция #тегін консультацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz