RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын аза тұту жиыны өтті

31.05.2025, 21:00 286

Қостанайда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған аза тұту жиыны өтіп, қызыл террордың қасіретін тартқан боздақтар рухына тағзым етілді.

1930-50 жылдар аралығында Қостанай облысында 1500-ге мыңға жуық адам сталиндік сыңаржақ саясаттың құрбаны болды. Жазықсыз атылғандардың ең жасы 19-да, үлкені 83-те екен. Отыз сегізі әйел. Тарихшылардың айтуынша, қуғын-сүргінге ұшырағандардың дені қарапайым тұрғындар. Тоталитарлы жүйе қысымымен 1,5 миллион өзге ұлт өкілдері Қазақстанға еріксіз жер аударылған. Бүгінгі жиында сол солақай саясат құрбандарының ұрпақтары ата-баба тарихынан сыр шертті. Ескерткіш басына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Қалқаман Жақып, облыстық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Осындай жастармен кездесіп, осындай мінеки тарихи деректерді көзбен көргендерді, естігендері жеткізіп, балалардың бақытты күні осы мінеки бабаларымыздың қанымен, жанымен келген мінеки күн деп, оларға да айтып отыру керек. Ұлтымыздың осындай қасіретті жылдарын біз ұмытуға тиісті емеспіз. Біз өткеннен осындай сабақ алуымыз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz