Қаржылық мониторинг агенттігі балаларды қорғау күніне орай қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы мультфильмдер топтамасын ұсынады, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін танымал «Қошқар мен Теке» мультфильмінің алғашқы бөлімі жарыққа шықты. Бірінші бөлім қаржы пирамидалары тақырыбына арналған. Кейіпкерлер кішкентай көрерменге алаяқтық схемалардың арбауынан сақтануды және жақындарын қорғауды үйренеді. Келесі бөлімдерде интернет-алаяқтық, дроптарды пайдалану, заңсыз микроқаржылық ұйымдардың қызметі және лудомания сынды маңызды тақырыптар қозғалады.
Тегтер #қаржылық қауіпсіздік #балаларды қорғау күні
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz