Атыраудан Бакуге жаңа әуе рейсі ұша бастады, деп хабарлайды 24KZ. Ұшақ аптасына 3 рет: дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі қатынайды. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 25 минут.
Жалпы Әзербайжанның бас қаласына Астана, Алматы мен Ақтаудан әуе рейсі бар. Шілдеде Шымкенттен жаңа бағыт қосылмақ.
Әлім Байел, Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:
- Елдердің арасындағы байланыстардың қарқынының бір көрсеткіші – олардың арасындағы рейстердің саны. Осы тұрғыдан Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстердің санының артуы, жалпы мынау географиясының кеңеюі бізді өте қуантып отыр. Осы жазда рейстердің саны 34-ке дейін жеткелі отыр.
Тегтер #әуе рейсі #24KZ #ӘзербайжанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz