RU
Толық нұсқаға өту

Ведомстволық наградаларға бірыңғай стандарт пен тізім әзірлеу мәселесі талқыланды

02.06.2025, 20:14 383

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес ведомстволық наградалардың бірыңғай стандартын және тізімін әзірлеу жөніндегі мәселені талқылады. Басқосуда Мәдениет және ақпарат министрлігі ведомстволық наградаларды қолдану және жетілдіру үшін атқарылып жатқан шаралар бойынша есеп берді. Сондай-ақ ведомстволық наградаларды оңтайландыру мен жүйелеудің жалпы тәсілдерін ұсынды. Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші ведомстволық наградалар саласындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz