Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ресми сайтын іске қосуды тапсырды. Осылайша көпшілікке ұлттық жобаның маңызын түсіндіру көзделеді.
Жобалық кеңсе отырысында Қанат Бозымбаев: «Ұйымдастырушылық іркілістер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын тетіктерді әзірлеу қажет», – деді. Сондай-ақ Smart Turmys бірыңғай платформасы іске қосылып, есепке алу аспаптарына қойылатын стандарттар мен техникалық талаптарды әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылатыны айтылды.
Тегтер #энергетика #коммуналдық сектор #Қанат Бозымбаев #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz