Кейінгі төрт жыл ішінде ел бойынша 1,3 млрд көшет отырғызылды.
Оларды жалпы аумағы 877 мың гектар шамасында. Экология министрлігінің ресми мәліметі осындай. Ал Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл аралықта жаңа көшеттер саны 2 млрдқа жетуі тиіс еді. Алайда орман шаруашылықтарының мүмкіндіктері ескеріле отырып, бастама мерзімі тағы 2 жылға ұзартылып отыр. Тиісті жұмыстарға қоғамдық мониторинг жүргізу үшін интерактивті карта жасалды. Биыл көктемде 225 млн көшет отырғызылса, күзде олардың қатары тағы 153 млнға артады.
2021-2025 ж - 1,3 млрд көшет
Аумағы - 877 мың га
2025 Ж
көктем - 225 млн көшет
күз - 153 млн көшет
Тегтер #көшет егу #орман #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz