RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан аспанындағы жарық құбылыс: мамандар түсініктеме берді

06.06.2025, 09:15 379

5-нен 6 маусымға қараған түні орталық және Солтүстік Қазақстан, Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларының тұрғындары аспанда жарық құбылысын байқады. Алдын ала мәліметтер бойынша бұл орбитада бұрын болған ғарыш нысандарының бірінің атмосфераға енуімен байланысты.

Ғарыш қалдықтарының қозғалысын бақылайтын халықаралық ұйымдардың деректеріне сәйкес дәл осы уақыт аралығында үш оқиға тіркелген, яғни олардың әрқайсысы байқалған құбылысты тудыруы мүмкін. Мамандар 17 мамырда көкке жіберілген Қытайдың Чжуцюэ-2 зымыранының үдеткіш блогы болуы мүмкін екенін айтады. Ол атмосфераға 5 маусым күні Астана уақытымен шамамен 22:40 енген. Сонымен қатар бұл уақытта ескі Starlink спутнигі мен Жапония зымыранының үдеткіш блогы орбитадан шыққан. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында қандай да бір заттың құлағаны немесе залал келгені туралы расталған ақпарат жоқ. «Мұндай нысандар атмосферада толық жанып кетеді», – дейді мамандар.    

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz