2022 жылдан бастап былтырға дейін 12,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, бүгінде соның 6 млн гектарға жуығы игеруге берілді.
Оның ішінде елді мекендердің айналасындағы 2 млн гектар аумақ тұрғындардың мал жаюы үшін бөлінді. Қалған бөлігі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге конкурс арқылы үлестірілді. Бұл мәлімет Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Кейінгі 3 жылда пайдаланылмай жатқан 3,8 млн гектар жерді инспекцияның араласуынан кейін иелері қайта игере бастаған. Биыл ауыл шаруашылығына арналған 2 млн гектар жерді қайтару жоспарланған. 900 мың гектардан астамы бүгінде мемлекет меншігіне өтті. Сондай-ақ 205 млн гектардан астам жер цифрлық картаға енгізілді.
Тегтер #мемлекет #жер аманаты #қайтару #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz