RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстауда 65 мектептің асханасы санитарлық талаптарға сай болмай шықты

09.06.2025, 17:12 366

Ақ халаттылар аймақтағы 66 мектепке тексеріс жүргізіп, барлығында дерлік ереже бұзылғанын анықтады.

 Оның қорытындысына сәйкес 18 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді. Ал 1 іс сотқа жолданды. Аталған жайттан соң Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай шұғыл кеңес өткізді. Бұзушылықтардың басты себебі санитарлы-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, санитарлық режимнің сақталмауы мен қызметкерлердің тиісті медициналық тексеріссіз жұмысқа алынуы. Тіпті мерзімі өтіп кеткен өнімді қолдану фактілері кездескен. Жалпы бұған дейін аймақта балалардың сапасыз астан улану дерегі тіркелді. Қазір жергілікті атқарушы органға мектеп асханаларындағы жағдайды қатаң бақылау тапсырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz