Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында QARMET көмір шахталарында жерасты байланыс жүйесін енгізбек.
Бұл туралы Үкімет отырысында осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы мәлімдеді. Бүгінгі күні «Саран» мен «Ленин атындағы» шахталарда жерасты байланыс жүйесін орнату жұмыстары аяқталды. Ал жыл соңына қарай көмір департаментінің барлық шахтасы қауіпсіздік жүйелерімен қамтылатын болады. Арнайы қондырғылар сараптамалық-диспетчерлік орталықтан кез келген тереңдікте жұмыс істеп жатқан кеншіге хабарласуға мүмкіндік береді.
Тегтер #жұмысшылар #қауіпсіздік
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz