Биыл Атырау облысында экологияны ластаған мұнай-газ өндіруші компанияларға бір миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды.
Экологтар 16 рет тексеріс жүргізіп, 38 заңбұзушылық анықтады. Оның ішінде мұнай қалдықтарын рұқсатсыз жерге төгу, ұңғымадағы апатты дер кезінде жоймау туралы бұзушылықтар бар. Ал былтыр табиғатты ластағандарға залалды өтеу үшін мемлекетке 42 миллиард теңге төлеу міндеттелді. Қазір соның 26 миллиарды өндірілді.
Асқар Жүсіпов, экология департаментінің басшысы:
- Жүргізілген тексерістің нәтижелерімен 2 шаруашылық жүргізуші субъектісіне қатысты қызметін тоқтата тұру туралы 2 іс талап-арыз сотқа жолданып, қазіргі таңда соттың шешімімен толық көлемде қанағаттандырылып отыр. Қазіргі таңда Karabatan Utility Solutions және оның мердігер компаниясы IDOS service деген жеке кәсіпкерге қатысты жерді бүлдіру фактісі бойынша қылмыс құрамының бар немесе жоғын анықтау үшін тиісті құжаттар ішкі істер органдарына жолданып отыр.
Тегтер #Атырау облысы #мұнай #айыппұл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz