Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің 40%-і ғана өзімізде өңделеді. Қалғаны шикізат ретінде пайдаланылады немесе сол күйі экспортқа шығарылады. Терең өңдеу саласы ақсап тұр.
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етер еді», - дейді депутаттар. Осы мәселені шаруалармен бірлесе талқылау үшін сенаторлар Павлодар облысына барды. Аталған өңірде егін және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Алайда, өнімнің азғантай бөлігі ғана терең өңдеуден өтеді. Сондықтан өңдеу зауыттарын салу, шағын шаруашылықтарды қолдау және логистиканы жетілдіру жолдары талқыланды. Шаруалардан түскен ұсыныстар Сенат қабырғасында көтеріліп, заңнамаға енгізілуі мүмкін.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесінде заңдарға қандай нәрселер өзгеріс енгізу керек. Одан кейін мемлекеттік қолдау мәселесінде қандай өзгерістер жасауымыз керек, одан кейін осы шығарылған өнімдерді мына нарыққа шығару бойынша қандай проблемалар бар. Міне, осы үш проблеманың төңірегінде әңгіме жасаймыз.
Тегтер #Павлодар облысы #ауыл шаруашылығы #өнім #өңдеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz