Орал қаласында да бүгін өңірдің үздік медицина қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды 24kz.
Еселі еңбегімен, қажырлы қызметімен денсаулық сақтау саласының дамуына қомақты үлес қосып жүрген, ақ желеңді абзал жандар, алғыс хаттар мен сый-сияпаттарға ие болды.
Өңірде 8 мыңдай медицина қызметкері болса, оның 2 мыңы дәрігерлер. Адам жанына араша түсіп, дертке дауа іздеген ақ желеңді абзал жандар қандай құрметке де лайық. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Нариман Төреғалиев алдағы міндеттерді айқындап, атқарылған істерді атап өтті.
Нариман Төреғалиев, БҚО әкімі:
- Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлі зор екенін атап өтті. Президент: «Дәрігер болу – жүректің ісі. Біз сіздердің ерліктеріңізді бағалаймыз» дей келе, ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, мәртебесін жоғарылатты. Расында да, адам өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандары бейбіт күннің батырлары екеніне сөз жоқ.
Өңірге соңғы екі жылда 300 білікті маман келген. Дәрігер тапшылығын жою мақсатында шалғай ауылға барған жас мамандарға былтырдан бері 8,5 млн теңге, ал қалаға тоқтаған дәрігерлерге 5 млн теңге көлемінде көтермеақы төлене бастады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 50 медициналық нысанның 38-і ел игілігіне тапсырылды. Соңғы 3 жылда 37 емдеу мекемесі күрделі жөнделді. Бүгінгі шара барысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды.
Меңдігерей Досқалиев, облыстық балалар ауруханасының анестезиолог дәрігері:
- Медицина саласында жұмыс істеу әрине оңай емес, ауыр. Дегенмен, өте сондай қиындығы да мол, қызығы да мол мамандықтың бірі. Сондықтан мен енді осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін! Осы талай пациенттің алғысына бөленіп келеміз.
Өктен жылы өңірдегі емдеу мекемелеріне 405 бірлік медициналық құрал-жабдық алынса, оған жергілікті бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінген.
Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Қ.Ақрап, Э.Аюпов
Тегтер #Орал #медицина қызметкері #кәсіби мереке #марапаттауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz