Қазақстандықтарға енді жаңа мамандық түрлерін игеруге тура келетін сыңайлы, деп хабарлайды 24kz.
Ғылым және білім министрлігі еңбек нарығында болашақта пайда болатын мамандық түрлерін атады. Олардың бірқатары биылдың өзінде сұранысқа ие болмақ. Мәселен, агроөнеркәсіп саласында инновациялық биопрепараттар технологы, агроном-экономист керек. Алдағы бес жылдықта ауыл шаруашылығы өндірісін автоматтандыру жөніндегі инженер, агроинформатик, сондай-ақ экоыдыс жөніндегі маман мен робототехника операторы қажет болуы мүмкін. Ал тау-кен және металлургия саласында процестерді бақылау және геологиялық барлаудың ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы, блокчейн желілерінің әкімшісі, жабдықтарды жөндеу және жаңғырту жөніндегі супервайзер, сонымен қатар логистикалық ағындарды оңтайландыру менеджеріне қажеттілік туындайды. 2030 жылға қарай бұл қатарға Жабдықты жаңарту инженерлері қосылады.
Тегтер #жаңа мамандықтар #ғылым және жоғары білім министрлігі #еңбек нарығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz