RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда мемлекеттік қызметшілер арасында «Заң мен тәртіп» сайысы өтті

19.06.2025, 09:35 521

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті, деп хабарлайды 24kz.

Құқықтық сауатты арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейтін білім бәйгесіне мемлекеттік қызметшілерден құралған 6 команда қатысты. Олар заңнама, мемлекеттік қызметші этикасы, жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тақырыбында білімін сынады.

«Мұндай сайыстар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіп аясында жұмыс істеуіне ықпал етеді»,- дейді ұйымдастырушылар.

Нұрлан Жахин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Жалпы мемлекеттік қызметші, бұл – тек қана жауапкершілік емес. Ол Мемлекет басшысының айтқан «Заң және тәртіп» қағидаттарын ұстануды, берік ұстануды талап етеді. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған брэйн-ринг шарасының басты мақсаты – бізідң мемлекеттік қызметшілеріміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім нығайту, дүниетанымын арттыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz