Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Еңбек ауылында екі жылдан бері ішімдік сатылмайды, деп хабарлайды 24KZ. Жергілікті қоғамдық кеңес пен аналар бірлестігі осындай бастама көтеріп, оны тұрғындар қолдаған. Дүкендер мен дәмхана иелері де қарсы болмапты.
Халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысатын елді мекенде 310 үй бар. Тұрғын саны мың жарымнан асады. Соңғы үш жылда ауылда қылмыс болмаған. Көшелерге 21 бейнебақылау камерасы мен жарық бағандары орнатылған. Ауыл жастары мәдениет үйі мен мектеп жанындағы үйірмелерге барады.
Бақытберген Балқанов, ауылдық округ әкімі:
- Ауыл әкімдігі жанынан құрылған қоғамдастық кеңесте дәл осы біздің алған бағдарламамыз бойынша көршілес Есет батыр ауылы өз жобасын қарап жатыр. Келешек ол елді мекен де арақсыз ауыл қатарына қосылып қалады деп жоспарлап отыр.
Гүлжан Алтынбекқызы, ауыл тұрғыны:
- Естіген адамға үрпідей тиюі мүмкін. Қалай ол арақсыз болуы мүмкін деген сияқты. Бірақ, расымен, кез келген тұрғын айта алады, тіпті сырт жақтағылар да естіп, «қандай керемет», – деп айтып жатады.
Тегтер #Қызылорда облысы #Еңбек ауылы #ішімдік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz