RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысының шаруашылықтары сумен қамтамасыз етілді

19.06.2025, 22:30 400

Жамбыл облысының фермерлері суармалы сумен қамтамасыз етілді. Бұл туралы «Қазсушар» мекемесінің облыстық бөлімшесі хабарлады. Вегетациялық кезеңде шаруашылықтарға 515 миллион текше метр су жеткізу туралы келісімшарт жасалса, оның 140 миллионы алқаптарға жіберілді.

Егістікті суару кестеге сай жүріп жатыр. Облыстағы су ресурстарының 80%-і көрші Қырғызстаннан келеді. Сондықтан екі мемлекет арасында су жеткізу туралы келісім бар. Киров су қоймасынан Жамбыл облысына шамамен 120 миллион текше метр су бөлінді. Тіршілік нәрін ысырап етпес үшін өңірде 60 мың гектар жерге ылғал үнемдейтін технология енгізілген. «Мамыр айында су тапшылығы болды, қазір кедергі жоқ», – дейді жауаптылар.

Бағдат Бейсенқұлов, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Күн күрт ысып, ауа райының қолайсыздығына байланысты шаруалардың сұранысы артып, суға деген сұраныс көбейді. Сол себепті шаруалардың сұранысына сәйкес су жеткізу біраз қиындықтар туындатты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz