Еліміздің атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен «Росатом» Қазақстанда АЭС салу жөнінде жол картасын бекітті.
Жол картасында нарықтағы экспорт ауанына қарай қолданыстағы заңға сәйкес қалыптасатын тауар бағасы анықталады. Тараптар өзара келісім шарт жасауды да жоспарлаған. Мердігер энергетикалық нысанды жобалау, сатып алу, құрылысы мен қолданысқа өткізу жауапкершілігін толықтай мойнына алады. Осы мәселені пысықтау үшін Санкт-Петербургте арнайы агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв кездесті. Сондай-ақ Алматы облысының Жамбыл ауданында жобаны іске асыруға байланысты ынтымақ қағидаттарын айқындайтын келісімге қол қойылды. Бұл бейбіт мақсаттағы атом энергиясын пайдалану, елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономиканы декарбонизациялау жөніндегі стратегиялық міндеттерді көздейді.
Тегтер #АЭС құрылысы #жол картасы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz