Ядролық физика институтының делегациясы Қазақстан физика қоғамының жыл сайынғы халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Ғылыми шара Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында өтті. Жиында институт зерттеулерінің энергетика, денсаулық сақтау және ғылым салаларындағы Ұлттық даму жоспарын іске асырудағы рөлі назарға алынып, ядролық ғылым дамуының басым бағыттары талқыланды. Атом энергиясының қауіпсіздігі сөз етіліп, постерлік сессиялар барысында өзекті ғылыми әзірлемелер таныстырылды.
Тегтер #Шығыс Қазақстан облысы #атом энергиясы #ядролық қауіпсіздікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz