Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер сөз жүзінде қалмауы тиіс. Әр бағыт бойынша нақты жоспар құрып, оны жүзеге асыру маңызды. Семейде өткен жиында бір топ сарапшы осылай деді.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты бастамашы болған жиынға ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері мен құрылтай мүшелері қатысты. Сарапшылар қоғамдық бақылауды күшейтуге қатысты көптеген мәселе көтерді. Мәселен Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Николай Исаев өз сөзінде өңір өкілдерін орталық мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің құрамына енгізуді ұсынды. Ал Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор Зейнулла Тоқаев агроөнеркәсіп кешенінің негізі ретінде аграрлық ғылымды дамыту қажеттігін атап өтті. «Өңірлік сарапшылар қауымдастығының өкілдері айтқан ұсыныстар мен бастамалар Ұлттық құрылтай қызметінің мазмұнын кеңейтуге негіз болуда», - дейді жауаптылар.
Тегтер #Семей #Ұлттық құрылтай #сарапшылар #жоспар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz