RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда журналистерге арналған жасанды көмекші таныстырылды.

20.06.2025, 23:45 408

Алматыда журналистерге арналған қазақ тіліндегі AI-QazMedia жасанды көмекшісі таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары дайындаған жасанды интеллект «Ана тілі» республикалық газетінің 35 жылдығына арналған алқалы жиында көрсетілді. 35 жыл бұрын жарық көрген басылым, қазақ тілінің абыройын көтеріп келеді. AI-QazMedia жобасы басылымдар үшін, қазақтілді онлайн контент жасауға және мемлекеттік тілдегі жасанды интеллекті дамытуға бағытталған. Қазір нейрожелі сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. Жоба авторларының айтуынша, болашақта бұл көмекші құрал, тілшілердің жұмысын жеңілдетіп, газеттің заман көшінен қалмай дамуына септігін тигізеді.

Мақсат Тәжімұрат, «Ана тілі» газетінің 2007-2009 жж. бас редакторы:

- Газетті әртараптандыруға күш салдым. Экономикада диверсификация деген ұғым бар ғой, тек кана тілмен ғана қалып қоймай, сол тілдің құрылыс материалы болып саналатын әлеуметтік мәселелер, журналистік зерттеулерге қаттырақ көңіл бөлдік. Сөйтіп, кішкене оқырманды тіл мәселесіне еліктіріп, баурап әкеліп кіргіздік деуге болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz