RU
Толық нұсқаға өту

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тау шыңын бағындырды. LIVE

22.06.2025, 17:30 377

Құқық қорғау органдары қызметкерлері 28 гвардияшы-панфиловшылар шыңын бағындырды. Бұл бастама «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатын көздейді. Спорттық шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты. Шың басында болып қайтқан сала қызметкерлерін тау етегінде әріптестері күтіп алды.

Ералы Совет, Әуезов ауданы прокуратурасының бөлім бастығы:

Жол оңай болған жоқ, табиғатқа байланысты қолайсыз жағдайлар болды. Жаңбыр жауды, бұршақ жауды, таудың ең биік шыңында қар жатыр екен. Енді әртүрлі құқық қорғау органдарының болғанымен, біз барлығымыз бірге болып, бір-бірімізге көмектесіп, осы қиындықты еңсердік. Ең басты біздің мақсатымыз осы желбіреген көк туымызды және «Заң мен тәртіп» атты жазуы бар туды осы таудың ең биік 28 гвардияшы-панфиловшылар шыңына жеткізіп тіктік. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz