RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысындағы Курчатов қалалық ауруханасында босану бөлімі ашылады

23.06.2025, 08:12 344

Курчатов қалалық ауруханасы ғимаратында босану бөлімі ашылады. Қала құрылғалы мұнда жоспарлы босану қызметі көрсетілмеген.

Әйелдер облыс орталығындағы перинаталдық орталыққа баратын. Қалада жыл сайын  жүзден астам жүкті әйел есепке тұрады.

Дәрігерлер жүкті әйелдерді Семейдегі перинаталдық орталыққа жолдайтын. Жаңа бөлім ашылғаннан кейін жергілікті жерде есепке тұрып, қалада босанатын болады. Дәрігерлер жоспарлы әрі шұғыл операцияларды да жасай алады. Жаңа бөлімде акушер-гинекологтар, хирургтар және медбикелер жұмыс істейді.

Қарлығаш Тұтқышева, қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

- Жүкті әйелдер бақылауда болады. Акушер-гинеколог қабылдайды. Егер босану жоспарлы болса, алдын ала құжаттарын дайындап, Семейге жібереміз. Ал шұғыл жағдайларда босануды өзіміз қабылдаймыз.  

Бүгінде қалалық ауруханада жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 192 млн теңге бөлінген. 

Берік Жолдахмет, қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы:

- Қазіргі төртінші қабаттағы жөндеу жұмыстары келісімшарт бойынша 5 тамызға арналған болатын. Бірақ қазіргі уақытта жұмыстың басым бөлігі бітуіне байланысты бұл кісілер жұмысты ертерек аяқтауды жоспарлап тұр.

Кұралай Шашубаева, қала тұрғыны:

- Курчатов қаласындағы роддомның ашылатынына қуаныштымыз. Өйткені қай жиналыс болса да ылғи халықтың сұрайтыны осы роддом болатын. Қашан ашылады бізде? Өйткені облысқа бару екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Қаланың медицина саласын дамыту   үшін бірқатар жоба жүзеге асып жатыр.   Жергілікті билік жас мамандарды тарту мақсатында бос тұрған ғимараттардың бірін жатақханаға айналдыруды жоспарлап   отыр.

Нұрлан Жақыпбеков, Ботакөз Дандыбаева, Берік Жобалайұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz