Ақтөбеде «Skills Camp» жазғы кәсіптік лагері ашылды. Мектеп оқушыларына арналған лагерь мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді.
Балалар нарықта сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарымен танысып, түрлі кәсіптің негізін игереді.
Арнаулы білім беретін оқу ордалары жанынан ашылған жазғы лагерьде балалар ойын ойнап, сауық құрмайды. Топқа бөлінген оқушылар таңдаған мамандығының негіздерімен танысып, құрал-жабдықтарды иегереді. Білікті ұстаздардан тәлім алады. Кәсіби лагерге 7 мен 10-шы сынып аралығындағы балалар қабылданады.
Арсен Елубай, оқушы:
- Мен бірінші лекте ІТ-технология болдым. Өзім үйрендім, қарадым, таныстым. Енді мен екінші лекте электрик болғым келеді. Өйткені тағы үйренгім келеді. танысқым келеді. Мектеп бітіргеннен кейін мамандықты оңайырақ таңдауға болады.
Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі жанынан ашылған лагерьде ІТ-технология мен электрші мамандығынан бөлек дәнекерлеуші, құрылысшы кәсіптерімен де танысуға болады. Тас қалау, сылақшы, сантехника ісін игеруге мүмкіндік бар.
Гүлден Өтежанқызы, Ақтөбе Құрылыс-техникалық колледжінің директоры:
Бізде 240 баланы қамту жоспарланған болатын. Алайда бірінші лектің өзінде 130 баланы қамтыдық. Бүгіннің өзінде 140-қа жуық бала өтініш білдіріп тұр. Екінші лекке өздерімен достарын алып келіп жатыр. Осы жағы қуантып тұр. Демек болашақта бізде осы жұмысшы мамандықтардан жетіспеушілік, тапшылық болмайды деп болжаймыз.
Басты мақсат – өскелең ұрпақтың жұмысшы мамандықтары туралы танымын кеңейту. Кәсіби бағыт бағдар беру. Сондықтан да жазғы лагерь білім берумен қатар ерекше тәжірибе алаңы болады.
Дина Жаманбаева, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Лагерьдің қамтып отырған бағыты - ерте жастан кәсіпті меңгерту. Яғни лагерге келген оқушы өзінің қалаған мамандығы бойынша, қалаған бағыты бойынша кәсіптің алғашқы дағдыларын үйренеді және өзі жасап көреді.
Биыл 3 мыңнан астам баланы қамту көзделген. Бұл жобаға 30-дан астам кәсіби-техникалық білім беретін колледж қатысып жатыр. Жазғы лагерь облыс орталығымен қатар аудандардағы арнаулы оқу орындарында да бар.
Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мектеп #оқушылар #білім #Ақтөбе #Таңдаулы #лагерьPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz